Адамға, жануарға, тіпті жансыз нәрселерге де көз тиеді.
Көз тиюі ауруға шалдықтырады, тіпті өлтіреді де. Әйелдерге және кішкентай балаларға көп әсер етеді.
Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Көз тиюі хақ.» (Муслим) «Көз адамды мазарға, түйені қазанға түсіреді.» (Ибни Ади) «Адамдардың жартысы көз тиюден өледі.» (Табарани)
Көз тиген адам төмендегі дұғалардың бірін немесе барлығын оқуы керек:
1) Фатиха, Аятүл-күрси, Кәфирун, Ихлас, Фәлақ, Нас сүрелерін 7 реттен оқып ауру адамға үрлесе, дуаланған, көз тиген және басқа да барлық аурулар үшін жақсы болады. Бір хадис шәрифте:«Фатиха мен Аятүл-күрсиді оқыған адамға сол күні көз тимейді» делінген. (Дәйләми)
2)Бір хадис шәрифте: «Таңертең және кешке (бисмилләһпен) 3 рет “Бисмилләһилләзи лә ядурру мә’асмиһи шәйун фил арди уә лә фиссәмаи уә һуәссәмиул-алим” дұғасын оқыған адам дуаланудан және көз тиюден сақталады.»делінген (Ибн Мажә)
3) Аятул-күрси, Фатиха, Фәлақ, Нас сүрелерін және Қалам сүресінің соңын оқып жүру өте жақсы болады. (Мәдариж)
4) Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” Фәлақ және Нас сүрелерін оқып былай деді: «Осы екі сүремен (бәлелерден, көз тиюінен)қорғаныңдар! Ешкім ешнәрсемен осы екі сүремен қорғанғандай қорғана алмайды.»(Әбу Дауд)
5) “Әузу би-кәлимәтилләһиттәаммәти мин шәрри күлли шәйтанин уә хаммәтин уә мин шәрри күлли айнин ләаммәтин”дұғасын таңертең және кешке 3 мәрте оқып өзінің үстіне немесе ауырып қалған адамның үстіне үрлесе көз тиюінен, жыннан, шайтаннан және жануарлардан келетін зияндардан қорғайды. (Мәуахиб) 6)Пайғамбарымыз “алейһиссалам” көз тиген адамға “Аллаһүммә барик фиһи уә лә тәдарруһу” дұғасын оқитын еді. (Ибн Сүнни)
7) Әрбір адам, әсіресе көзі тиетін (өтетін) адам бір нәрсені көріп, оны ұнатса“Машааллаһ” деп айтуы керек, айтатын сөзін одан кейін айтуы керек. Бірінші көрген сәтте “МашааЛлаһ” деп айтса көзі тимейді. Хадис шәрифте: «Ұнатқан нәрсені көрген кезде “ МашааЛлаһ лә қууата иллә билләһ” деп айтса ол нәрсеге көз тимейді»деп айтылған. (Бәйһақи) Хадис шәрифте: «Емнің ең жақсысы Құран кәрім» делінген. (Ибн Мажә)
Алла жақсырақ білуші..